Жаңалықтар

673

Құттықтаймыз! Мектеп ұстаздары 2023 жылғы мамыр айының 31 жұлдызында Қызылорда облыстық білім басқармасы және облыстық оқу орталығының ұйымдастыруымен өткен "Үздік концертмейстер-2023" облыстық байқауының жеңімпазы атанды.

Қызылорда облыстық білім басқармасы мен білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының облыстық комитеті және облыстық оқу орталығының ұйымдастыруымен 2023 жылдың 31 мамыр күні М.Қалауов атындағы Қызылорда қалалық өнер мектебінің базасында қосымша білім беру ұйымдары (өнер мектебі) педагогтары арасында  «Үздік концертмейстер - 2023» облыстық байқауы өткізілді.

     Байқау 3 кезең бойынша өткізілді.

1. «Педагог пианист» - концертмейстерлік өнер/өзін таныстыру/Презентация

2. «Шығармашылық шыңы» /жеке сабақ барысы/

3. «Шыңдалған шеберлік» / Еркін тақырыпта кәсіби шеберлікті көрсету/ 

Байқауға облыс өнер мектептерінен (Жаңақорған, Сырдария, Қармақшы, Қазалы аудандары мен Қызылорда қаласы) 6 педагог- концертмейстерлер қатысты.

Байқау нәтижесі бойынша мектебіміздің фортепиано класының ұстаздары Дарибаева Айгүл Таласқызы жүлделі ІІ орын және жас маман, фортепиано класының мұғалімі Сәрсенбай Гүлболған Ақболатқызы жүлделі ІІІ орын иеленіп, облыстық білім басқармасы мен  білім қызметкерлері кәсіподағының облыстық комитеті басшылығының арнайы дипломдармен және облыстық  білім қызметкерлері кәсіподақ комитетінің бағалы сыйлықтарымен марапатталды. Балаларға шығармашылықпен  қатар көркем эстетикалық тәрбие беріп, оқушыларымыздың мамандық таңдауда өз бағытын дұрыс таңдауына септігін тигізіп жүрген әріптестерімізге сәттілік тілейміз!

Әріптестерімізді жеңістерімен құттықтай отырып, алдағы оқу жылдарында сәттілік пен шығармашылық табыс тілейміз!

Рухани ЖаңғыруСайт президентаАкимат Кызылординской областиEgovМинобразования и науки РКУправления образования КЗОDigital Kazakhstan