Біз туралы

1 274

Мектеп туралы

«Қызылорда облысының білім басқармасының Қазалы ауданы бойынша білім бөлімінің «Қазалы ауданының Қорқыт Ата атындағы өнер мектебі»КМҚК-нің қысқаша тарихы 

          Сың өңірі оның ішінде  Қазалы жері   рухани өнерге бай өлке. Киелі де қасиетті Қазалының топырағы  түркі халықтарының абызы, данышпан философы, көріпкел әулиесі, күйші  композиторы  Қорқыт бабадан бастап талай өнер  саңлақтары мен қоғам қайраткерлерін дүниеге әкелген қастерлі жер. Ұлттық болымысы мен салт-дәстүрін, ән-күйімен жыр –термесін қайнар бұлағынан сақтап қана қоймай, өз дәстүрі мен дамытып келе жатырған аймақ. Күллі өнер атаулының ішіндегі үннен, дыбыстан құралатын ерекше таңбалы, ерте замандардан бастау алып , үнемі даму үстінде келе жатырған күрделі түрінің бірі-музыка өнері. Әлемде қаншама ұлт болса , соншама түрлі музыка бар. Бұл «Музыка-әлемнің рухани елшісі»,- деген   халық даналығының айқын дәлелі. Қазақ халқының музыкасы күй, ән, жыр, би сынды  бағыттардан құралады. Музыка-адамзаттың рухани байлығы. Бүгінде кез-келген қоғамды музыкасыз елестету қиын. Сондықтан да музыкалық тәрбие жас жеткіншектердің жан-жақты  дамуына, мәдениетінің қалыптасуына аса  қажет дүние. Музыка саласына тәрбиеленушілерді жүйелі түрде оқытып, болашақ маман етіп дайындауда музыка мектептерінің  алатын орны ерекше.  Қазалы ауданының балалар музыка (өнер) мектебі 1964 жылдан бастап өзінің музыкалық   өмірін сиқырлы сазбен өрнектеген аудандағы алқалы өнер ошағы. Талай  толағай таланттардың тамырына нәр берген киелі жерге саз өнерінің шыбығын шаншығанына   ширек ғасырдай уақыт өтіп, бүгінде ол шынарлы бәйтерекке айналып шәкірттерін шынайы өнердің шыңына шығарған өнегелі де, өрісті ұжымға айналды. 1964 жылы  қыркүйекте ашылған музыка мектебінде ең алғаш 4 оқытушы  бар болғаны 30 оқушымен баян, аккордеон, фортепиано кластары бойынша музыкалық білім беру жұмысын бастаса, бүгінде іргелі ұжымда жоғарғы дәрежелі 66 педагог 800 оқушыға музыканың 13 бағыты бойынша дәріс береді.Қазалы ауданындағы  қосымша білім беру ұйымдарының бірі және бірегейі - музыка мектебінің тарихы сонау 60-шы жылдардың басынан бастау алған. Нақтырақ айтсақ, облыста алғаш боп 1964 жылғы 1 қыркүйекте Қазалы ауданының   орталығы-Жаңақазалы қыстағында тұңғыш рет аудандық балалар музыка  мектебі ашылды. Сол  жылдан бастап өзінің музыкалық  өмірін сиқырлы сазбен өрнектеген аудандағы бірегей өнер ошағы болған қарашаңырақ шәкірттерін шынайы өнердің шыңына шығарған облыс бойынша өнегелі де, өрісті ұжымға айналды. Ең алғаш 4 оқытушы  бар болғаны 30 оқушымен баян, аккордеон, фортепиано кластары бойынша музыкалық білім беру жұмысын бастады. Мектептің алғашқы директоры кейінгі жылдары педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор атанған Өтемісов Жеңіс болды. 1973-80 жылдар аралығында мектепті Өржанов Садық, 1980-82 жылдары Ізмаханов Қараман,1982-1985 жылдары Анатолий Валентинович Цой, 1985-1990 жылдары Күнсұлу Отарбаева,1990-1996 жылдары Жақсыгүл Омарова  атты ұстаздар басқарды. 1996 жылдан- 2012 жылға дейін музыка мектебін Раманқұл Әуез Махамбетұлы  басқарды. 1990-1996 жылдары директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары қызметін Қожахметов Әділбек, 1996-2012 жылдары Қамшыбек Бақыткүл сынды ұстаздар атқарды. Мектепті басқарған азаматтардың қайсысы да өз кезеңінде бар іскерлік ұйымдастырушылық қабілеттері мен еңбектерін  мектептің дамып, өркендеуіне жұмсап, өз үлестерін қосты.  

Мектеп көрінісі    2012 жылдан бастап  ҚР Мәдениет қайраткері, ҚР Композиторлар одағының мүшесі, «Ы.Алтынсарин» белгісінің иегері Әліш Сәукен  Әлмәмбетұлы Қазалы аудандық балалар музыка мектебінің  директоры қызметін абыройлы басқарып келеді.  Бүгінде кез-келген қоғамды музыкасыз елестету қиын. Музыка саласына тәрбиеленушілерді жүйелі түрде оқытып, болашақ маман етіп дайындауда музыка мектептерінің  алатын орны ерекше. Алпыс жылға жуық аудан оқушыларына үздіксіз қызмет жасап келе жатырған өнердің киелі қарашаңырағына 2013 жылы мектеп басшысы Сәукен Әліштің бастамасымен және мектеп ұжымының толық қолдауымен мектепке Қорқыт Ата есімін беру туралы шешім қабылданып, құжаттар аудандық және облыстық ономастикалық жұмысшы тобының қарауына берілген болатын. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында   қуанышты хабар келіп,  ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 23 желтоқсандағы №842 қаулысымен Қазалы аудандық балалар музыка мектебіне Қорқыт Ата есімі берілді.

 

Қызылорда облысы әкімінің 2021 жылғы 13 қаңтардағы №180 қаулысы, Қызылорда облысы әкімдігі «Қызылорда облысының қаржы басқармасы»мемлекеттік мекемесінің 2021 жылғы 15 қаңтардағы №254 бұйрығы  және Қызылорда облысының білім басқармасының «Қазалы ауданы бойынша білім бөлімі»коммунадық мемлекеттік мекемесінің  2021 жылғы 22 қаңтардағы №09 бұйрығына сәйкес мектеп атауы 2021 жылғы 22 қаңтардан бастап   ресми түрде  «Қызылорда облысының білім басқармасының «Қазалы ауданы бойынша білім бөлімінің» Қазалы ауданының Қорқыт Ата атындағы өнер мектебі» коммуналдық мемлекеттік  қазыналық кәсіпорыны болып қайта аталды. 

 Қазіргі таңда 2021-2022 оқу жылы бойынша Қазалы ауданының Қорқыт Ата атындағы өнер мектебінде 66 педагог мамандықтары бойынша өз жұмыстарын атқаруда. Олардың ішінде 

52-мұғалім жоғары білімді, 14-мұғалім арнаулы орта білімді. 

Санаттары бойынша: Жоғары санатты-5 мұғалім, педагог-зерттеуші санатында-7 мұғалім. 

                                 Бірінші санатты-5 мұғалім, педагог-сарапшы санатында- 6 мұғалім

                                 Екінші санатты-12 мұғалім, педагог-модератор санатында- 5 мұғалім жұмыс жасайды. Барлық санатты мұғалімдер мектептегі мұғалімдердің 60,6 %-ын  құрайды. Мектеп барлығы 800 оқушыға домбыра, қыл қобыз, прима қобыз, гитара,баян, флейта, саксофон, терме, вокал, фортепиано, скрипка, виолончель, хореография (13 мамандық) мамандықтары бойынша білім беріп келеді. 

Мектеп директорларының оқу және тәрбие жөніндегі орынбасарлары:  Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары республикалық «Тоника» музыкалық конкурсының лауреаты, облыстық «Үздік ансамбль жетекшісі-2018» байқауының жүлдегері, ҚР БҒМ "Құрмет грамотасы" иегері,аудандық «Мелодия» орыс халық аспаптары ансамблінің жетекшісі, аудандық «Мырза» атындағы халық оркестрінің белді мүшесі Досан Келжанов.

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары түрлі деңгейдегі өнер байқауларының жеңімпазы, І Республикалық "Ғ.Мұратбаев" сыйлығының иегері, «Мырза» атындағы қазақ оркестрінің және «Қорқыт сазы» фольклорлық ансамблінің белді мүшесі, талантты орындаушы Ақылбек Қосуақов.


Рухани ЖаңғыруСайт президентаАкимат Кызылординской областиEgovМинобразования и науки РКУправления образования КЗОDigital Kazakhstan