Жаңалықтар

612

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!! Мектеп ұстаздарынан құралған «Мырза» атындағы халық аспаптар оркестрі жүлделі І орынмен және облыс бойынша "Үздік оркестр-2023" бағамымен марапатталды.

Облыстық білім басқармасы және оқу орталығының ұйымдастыруымен 25 сәуір күні қосымша білім беру мекемелерінің (музыка, өнер мектептері) мұғалімдері арасында «Үздік оркестр - 2023» облыстық сырттай байқауы өтті. Байқауға Қазалы ауданының Қорқыт Ата атындағы өнер мектебінің ұстаздарынан құралған "Мырза"атындағы халық аспаптар оркестрі қатысты. Байқау шарты бойынша 5 шығарма орындалуы тиіс болатын. Оркестр байқауға Е.Нұрымбетовтың "Ақ жайық"шығармасын жергілікті композитор С.Әліштің "Дала үні", "Ұлы дала қыпшақтары" (жеке дауыста Кермеш Сәкен) шығармасын, Дж.Вердидің "Травиата" операсынан Альфред пен Виолеттаның дуэтін (жеке дауыста Кермеш Сәкен және Қарлыбай Айнұр) және Б.Қыдырбектің "Қырғыз" күйін ұсынды. 

Байқауға облыс бойынша барлығы 8 мектептің (Қызылорда қаласын қоса алғанда) оркестр ұжымдары қатысып, нәтижесінде мектеп ұстаздарынан құралған "Мырза" атындағы халық аспаптар оркестрі жүлделі І орынмен және облыс бойынша "Үздік оркестр-2023" бағамымен марапатталды. 

Оркестрдің көркемдік жетекшісі, композитор Әліш Сәукен Әлмамбетұлы. 

Оркестр дирижеры Рақымжан Әбілтаев.

Мектеп ұжымын айтулы үлкен жетістігімен құттықтап, алдағы уақытта тек шығармашылық табыстар тілейміз! Еңбектеріңіз жемісті болсын әріптестер!

Әр оқу жылымыз  мектебіміз үшін жақсылығымен,толағай табыстарымен келсін деген ізгі ниетімізді білдіреміз! 

 

Рухани ЖаңғыруСайт президентаАкимат Кызылординской областиEgovМинобразования и науки РКУправления образования КЗОDigital Kazakhstan