Құттықтаймыз! Мектеп ұстаздары 2023 жылғы 12 сәуір күні облыстық оқу орталығының жұмыс жоспарына сәйкес «Дәстүрлі әндерді заманауи нақышта орындаудың тиімділігі мен әдістері» тақырыбында өткізілген облыстық тәжірибе алаңына қатысты.
2023 жылғы сәуір айының 12 жұлдызында облыстық оқу орталығының (әдістемелік кабинет) жұмыс жоспарына сәйкес Т.Салқынбайұлы атындағы Қармақшы аудандық өнер мектебінің базасында «Дәстүрлі әндерді заманауи нақышта орындаудың тиімділігі мен әдістері» тақырыбында қосымша білім педагогтарына, яғни музыка,өнер мектептерінің ұстаздары арасында облыстық тәжірибе алаңы ұйымдастырылды.Тәжірибе алаңына қосымша білім беру ұйымы (Өнер мектебі) жыр-терме, халық әні, вокал, домбыра кластары мұғалімдері бойынша барлығы -30 маман қатысты.Тәжірибе алаңының мақсаты-өз халқының рухани қазынасы мен Сыр сүлейлерінің асыл мұрасын терең танысып, халықтық тәрбиемен сусындаған зерделі ұрпақ тәрбиелеу. Жұмыс барысы: «Дәстүрлі әндерді заманауи нақышта орындаудың тиімділігі мен әдістері» тақырыбында тәжірибе алаңы аясында жыр-терме, халық әні, вокал, домбыра кластары мұғалімдері жұмыстарын көрсетіп, тәжірибе алмасты.Аталған облыстық тәжірбие алаңына мектебіміздің ұстаздары терме мамандығы бойынша Бисембаева Сандуғаш, домбыра мамандығы бойынша Байдаулетова Мейрамкүл және вокал мамандығының мұғалімі Кермеш Сәкен өз іс-тәжірбиелерімен бөлісу мақсатында іс-тәжірбиелік жұмыстарын жоғары үлгілік деңгейде көрсете білді. Терме мамандығы бойынша «Терме мамандығын игерудегі басты қағидалар және оны дамыту жолдары» тақырыбында Бисембаева Сандуғаш,
домбыра мамандығы бойынша «Сыр өңірінің көрнекті күйшілерінің шығармашылығын саралау» тақырыбында Байдаулетова Мейрамкүл
және вокал мамандығы бойынша «Балаларға дауыс қою тәртібі мен ережелері» тақырыбында Кермеш Сәкен
өз іс-тәжірибелік жұмыстары мен әдіс-тәсілдерін насихаттады. Тәжірибе алаңына балаларды оқытудағы озық тәжірибелерін ұсынған қосымша білім педагогтары өзара пікір алысып, ұсыныстарын білдірді. Облыстық тәжірибе алаңына нәтижелі жеке іс-тәжірибелік жұмыстарын ұсынған мектебіміздің талған мұғалімдері облыстық оқу орталығы (әдістемелік кабинет) басшысының арнайы сертификатын иеленді.

Балаларға шығармашылықпен қатар көркем эстетикалық тәрбие беріп, оқушыларымыздың мамандық таңдауда өз бағытын дұрыс таңдауына септігін тигізіп жүрген әріптестерімізге сәттілік тілейміз!Әріптестерімізді құттықтай отырып жұмыстарына шығармашылық шабыт, биік белестер тілейміз!






