ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!! Оқушыларымыз наурыз айының 29-31 аралығында ҚР Оқу-ағарту министрлігі Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен "ГИТАРА ҒАЖАЙЫПТАРЫ-2023" республикалық байқауында лауреат атанды.
Наурыз айының 29-31 аралығында ҚР Оқу-ағарту министрлігі Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен "ГИТАРА ҒАЖАЙЫПТАРЫ-2023" республикалық байқауы болып өтті. Республикалық байқауға мектебімізден гитара класының (3-4 класс) 2 оқушысы қатысып, жоғары жетістікке жетті. Атап айтар болсақ,Айтбаев Мансұр (кіші топ бойынша) "ЛАУРЕАТ" атанса, Ильясов Саят (орта топ бойынша) "ДИПЛОМАНТ" және ансамбльмен ойнау жанры бойынша аталған екі оқушымыз Айтбаев Мансұр мен Ильясов Саят "ДИПЛОМАНТ" атанды. Шәкірттерімізді жоғары дәрежелі байқауға дайындаған мектебіміздің тәжірибелі ұстазы, гитара,флейта және саксофон класының мұғалімі Ибрайымов Әділхан Дайрабайұлы. ӘРІПТЕСІМІЗДІ ЖӘНЕ ШӘКІРТТЕРІМІЗДІ ЖЕҢІСІМЕН ШЫН ЖҮРЕКТЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!










