ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!! «Жас музыкант-56» республикалық конкурсының облыстық кезеңінде мектеп оқушыларынан құралған хор ұжымы жүлделі ІІ орын иеленді.
2023 жылдың 24 ақпан күні Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық жоғары колледжі базасында балалар музыка мектептері мен өнер мектептерінің оқушыларына арналған «Жас музыкант-56» республикалық конкурсының облыстық кезеңі өткізілді.




Аталған конкурстың мақсаты: Оқушылардың музыкалық-эстетикалық тәрбиесін жетілдіру, олардың орындаушылық шеберлігін арттыру, заманауи қоғамда музыкалық өнерді насихаттау.
Конкурсқа Қазалы ауданының Қорқыт Ата атындағы өнер мектебінің оқушылар хоры ұжымы және фортепиано класының оқушылары қатысты. Аталған конкурста мектеп оқушыларынан құралған хор ұжымы жүлделі ІІ орын иеленді. Жетекшісі Әбіш Лимаш Әбдірейқызы.

Фортепиано класы бойынша кіші топтан қатысқан мектептің фортепиано класының оқушысы Жалғасбекқызы Алина Алғыс хат иегері атанды. Жетекшісі: Дарибаева Айгүл Таласқызы.
Фортепиано класы бойынша жоғары топтан қатысқан мектептің фортепиано класының оқушысы Әділханова Ақерке «Өнерді сүйгені үшін» номинациясымен марапатталды. Жетекшісі: Алпысбай Баян Игілікқызы.
Мектеп әкімшілігі және мектеп ұжымы барша жетістікке жеткен ұстаздарымызбен оқушыларымызды құттықтай отырып, алдағы уақытта да биік белестерді бағындыра берулеріңізге тілектестігін білдіреді.
МАРАПАТТАРЫҢЫЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!!






