Жаңалықтар

417

«Өнер мектебінде ұлттық аспаптарды оқытудағы жаңа инновациялық әдістердің тиімділігі» тақырыбында халық аспаптары оркестрі және прима қобыз аспабы бойынша облыстық тәжірибе алаңы өткізіліді.

]Қазалы ауданының Қорқыт Ата атындағы өнер мектебінде жоғары дәрежеде тәжірибе алаңы өткізілді.

      2023 жылғы 23 ақпан күні облыстық оқу орталығының (әдістемелік кабинет) жұмыс жоспарына сәйкес Қазалы ауданының Қорқыт Ата атындағы өнер мектебі базасында «Өнер мектебінде ұлттық аспаптарды оқытудағы жаңа инновациялық әдістердің  тиімділігі» тақырыбында халық аспаптары оркестрі және прима қобыз аспабы бойынша облыстық тәжірибе алаңы өткізіліді. Аталған шараның мақсаты Қазалы ауданының өнер мектебі мұғалімдерінен құралған аудандық «Мырза» атындағы халық аспаптары оркестрінің жұмысын облыс өнер мектептері ұжымдарына насихаттау, педагогтардың кәсіби түрде шығармашылық қабілетін дамыту және оқытудың жаңа үлгілерін пайдалану. Облыстық тәжірибе алаңына облыстық оқу орталығының қосымша білім беру бөлімінің меңгерушісі Ақмұрзаева Гүлайым Ермекбайқызы,облыстағы өнер мектептерінің директорлары және өнер мектептерінің оркестр жетекшілері мен прима қобыз класының мұғалімдері қатысты.(Қатысушылар саны-32)

Шараны облыстық оқу орталығының қосымша білім беру бөлімінің меңгерушісі Гүлайым Ермекбайқызы ашып бүгін тәжірибе алаңының маңыздылығына тоқталып қатысушыларға сәттілік тіледі. Одан соң мектеп директоры ҚР Композиторлар Одағының мүшесі, А.Алтынсарин белгісінің иегері, ҚР Мәдениет қайраткері Әліш Сәукен Әлмамбетұлы «Музыка және өнер мектептерінде оркестр жұмысын кәсіби түрде жетілдіру жолдары» тақырыбында кіріспе сөз сөйлеп, мектеп ұстаздарынан құралған халық аспаптары оркестрі мен оркестр құрамы туралы баяндады.Оркестрге тәжірибе алмасу және кәсіби түрде жұмыс жасау мақсатында облыстық филармония жанындағы «Тұрмағанбет» атындағы халық аспаптары оркестрінің дирижеры, Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық жоғары колледжінің гобой класының оқытушысы Балмасов Руслан Серікқалиұлы арнайы шақыртылды.

«Мырза»атындағы халық аспаптар оркестрі төмендегідей шығармаларды көпшілік назарына ұсынды.

1.«Ілме»Мырза

2.«Дала үні» Сәукен Әліш 

3. «Травиата»Джузеппе Верди .

Жеке дауыста: Кермеш Сәкен,Қарлыбай Айнұр,Мұратбай Гүлдана

4. «Сыр шертпе» Сәукен Әліш

 5. «Жорықта»Ардақ Тәңірбергенов

6.«Ұлы дала қыпшақтары» 

Шығарма авторы:Сәукен Әліш, сөзі: Едіге Кішкенеев. 

Жеке дауыста:Кермеш Сәкен

7. «Қырғыз күйі» Балнұр Қыдырбек

Оркестр дирижерлары:

Қазалы ауданының Қорқыт ата атындағы  өнер мектебінің «Мырза» атындағы халық аспаптар оркестрінің дирижеры: Әбілтаев Рақымжан Жарасұлы.

Қызылорда облыстық филармониясының «Тұрмағанбет»атындағы халық аспаптар оркестрінің дирижері, республикалық кәсіби дирижерлар конкурсының лауреаты: Балмасов Руслан Серікқалиұлы.

«Оқушы тәрбиесінде жетістікке жету жолдарының жалпы ережелері» тақырыбында прима қобыз класының мұғалімі Әбілтаева Әлия өз іс-тәжірибесінен шығармашылық жұмысын көрсетті.Облыстық тәжірибе алаңына қатысушылар, өнер мектебі басшылары ой-пікірлерін ортаға салып, оркестр ұжымына, оркестрдің орындаушылық шеберлігіне жоғары баға берді. Шара соңында облыстық оқу орталығының (әдістемелік кабинет) қосымша білім беру бөлімінің меңгерушісі Гүлайым Ермекбайқызы мектеп ұжымына,оркестр ұжымына сәттілік тілеп бүгінгі шараны жоғары деңгейде ұйымдастырып өткізгені үшін алғыс білдірді.Тәжірибе алаңы нәтижесінде қатысушылар музыка әлеміндегі жаңалықтармен, түрлі музыкалық кәсіби әдістермен білімдерін жетілдірді. Киелі Қорқыт Ата туған қасиетті топырақта, Қорқыт Ата атындағы аудандық өнер мектебінде осындай музыка саласында елге үлгі боларлық жұмыстар ұйымдастырылғанын үлкен әсермен атауға болады.Бұл тәжірибе алаңы облыстың музыкалық өмірінде үлкен тарихи мәні бар, жоғары деңгейдегі шара болғаны сөзсіз-деп өз сөзін қортындылай келе мектеп ұжымына және оркестр құрамында өнер көрсеткен бірқатар ұстаздарға облыстық орталығының басшысы С.Асқаровтың сертификатын тапсырды.

 

 

Рухани ЖаңғыруСайт президентаАкимат Кызылординской областиEgovМинобразования и науки РКУправления образования КЗОDigital Kazakhstan