Жаңалықтар

417

2023 жылғы 17-18 қаңтар күндері «Асуларды алады жастар әлі, зор болашақ бүгіннен басталады» тақырыбында студенттермен кездесу кеші өткізілді.

2023 жылғы 17-18 қаңтар күндері Қорқыт ата атындағы өнер мектебінде «Асуларды алады жастар әлі, зор болашақ бүгіннен басталады» тақырыбында жылдағы дәстүрге айналған, бұрынғы мектеп шәкірттері,қазіргі уақытта еліміздің әртүрлі жоғары оқу орындарында музыкалық білім алып жатқан студент жастармен кездесу  кеші  болып өтті.Шара екі күнге созылды.Бірінші күні 30-ға тарта студент шәкірттеріміздің өз өнерлерін ортаға салып концерт ұйымдастырса,келесі күні музыкалық жоғары оқу орындарына талап қылып отырған мектеп оқушыларымен сұхбат,пікір алмасу форматтында еркін кездесу болды.Екі күнге созылған шара мектеп директоры Сәукен Әліштің студент жастарымызды марапаттауымен қортындыланды.Жылда дәстүрге айналған шараның негізгі мақсаты:мектеп оқушыларының шығармашылық дамуына демеу,музыка мамандығын таңдауға кәсіби бағдар беру болып табылады.


Рухани ЖаңғыруСайт президентаАкимат Кызылординской областиEgovМинобразования и науки РКУправления образования КЗОDigital Kazakhstan