2022-2023 оқу жылының жоспарлау отырыстары өткізілді
2022 жылғы 29 тамыз күні Қазалы ауданының Қорқыт Ата атындағы өнер мектебінде дәстүрлі облыстық және аудандық тамыз кеңесі аясында«Қосымша білім беру-балаларды тәрбиелеу,оқыту және дамыту әлеуеті және музыкалық білім беруде талантты оқушыларды кәсіби өнерге тәрбиелеу жолдары» тақырыбында мектеп мұғалімдеріне жоспарлау отырыстары өткізілді.Отырыстың күн тәртібінде төмедегі мәселелер талқыланды.
Жалпы отырыста қаралған мәселелер:
1.Өткен оқу жылы бойынша педагогтардың атқарылған жұмыстарына қысқаша талдау. Кемшіліктерді жою бағытында қойылатын талаптар және міндеттемелер, жаңа ереже бойынша аттестаттаудан өтетін педагогтерге ақпараттық түсіндірме.
Хаб/шы: /Мектеп директоры,директордың оқу және тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары/
2.Бөлім меңгерушілерінің өткен оқу жылы бойынша қортынды есептері және алдағы атқарылатын жұмыстары туралы қысқаша мәліметтері. Бөлім мұғалімдерінің (әр бөлімнен 1 мұғалім жасауы қажет) іс-тәжірбиелік жұмыстарын тыңдау,талқылау.
Хаб/шы: /Бөлім меңгерушілер және баяндамашылар/
Бөлімдер бойынша отырыста қаралған мәселелер:
1.Бөлімдер және бөлім мұғалімдерінің оқу және тәрбие саласындағы жылдық жұмыс жоспарлары бойынша атқаратын түрлі тақырыптық іс-шараларына шолу жасау және талқылау.
2.Мамандық аспаптарында бітіруші 5-7 кластардың санын анықтау,орындалатын бағдарламаларын талқылау және биылғы оқу жылының қортындысымен музыкалық жоғары оқу орындарына түскен түлектер туралы мәлімет. Жалпы кластар (0-7 кластар) бойынша оқу көлемінде орындалатын бағдарламаларын қайта қарап талқылау және бекіту.
3.Топтық сабақтар пәндері бойынша жыл көлемінде өткізілетін тақырыптардың күнтізбелік жоспарларын талқылап бекітуге ұсыну.
4.Ағымдағы мәселелер.
Алғашқы сөз кезегін мектеп директоры Әліш Сәукен Әлмамбетұлы алып, ұстаздарды жаңа оқу жылымен құттықтады.Мұғалімдерге сәттілік тілеп отырыстың күн тәртібімен таныстырып, биылғы оқу жылының ерекшеліктеріне тоқталды және күн тәртібіндегі мәселелер бойынша директордың оқу және тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары жаңа оқу жылында атқарылар жұмыстар бойынша ақпараттық түсіндірме жасап өтті. Жалпы отырыста жас мамандар мектебін қалыптастыру,жұмыс тәжірбиесін бақылау және жас мамандардың әдістемелік жұмыстарын нығайту барысындағы шаралар аясында мектебіміздің жас маман ұстаздары 3 жылда жинаған іс-тәжірбиелерімен бөлісті.
Қазақ халық аспаптары бөлімінен:
«Оқушының музыкалық-орындаушылық шеберлігін арттыру әдістері» тақырыбында домбыра класының жас маман ұстазы Көбжан Гүлсая.
Орыс халық аспаптары және үрлемелі аспаптар бөлімінен:
«Алғаш келген оқушының баян аспабына деген қызығушылығын арттыру үшін жүргізілетін жұмыс түрлері» тақырыбында баян класының жас маман ұстазы Қадырбай Нұрдәулет.
Фортепиано бөлімінен:
«Өз мамандығым негізінде оқушыларға мектебіміздегі әр түрлі мамандық аспаптарын насихаттап,қызығушылығын арттыру» тақырыбында вокал класының жас маман ұстазы Кермеш Сәкен.
Топтық сабақтар бөлімінен:
«Хормен ән айту айту өнерін бала бойына сіңірудегі алғашқы сатылар» тақырыбында хор класының жас маман ұстазы Құдайберген Меруерт.
Отырыс соңында мектептің, бөлімдердің жыл бойына атқарылатын жұмыстары мен талқыланған іс-шара жоспарлары тыңдалған ұсыныс-пікірлерлерге сәйкес нақтыланып бекітуге ұсынылатыны жеткізілді . 


















