Біздің жетістіктер

177

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!«ШЫҢДАЛҒАН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ ДОМБЫРАШЫЛАР БАЙҚАУЫНДАҒЫ ЖЕТІСТІК.

«Шыңдалған шығармашылық» облыстық домбырашылар байқауы 

Қызылорда облыстық білім басқармасы мен Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы облыстық комитетінің бірлескен шешіміне сәйкес, Қызылорда облыстық оқу орталығының (әдістемелік кабинет) ұйымдастыруымен 2021 жылдың 26 қарашасында «Шыңдалған шығармашылық» облыстық домбырашылар байқауы болып өтті.

Байқаудың мақсаты:

«Домбыра» сыныбының жұмыстарын заман талабына сай дамыту;

«Домбыра» сыныбы жұмыстарының әлеуметтік мәртебесін арттыру;

жетекшілердің кәсіби шеберліктерін жетілдіру.

Байқау 5 кезеңнен тұрды:

Таныстыру. Сынып жұмыстарымен ақпараттандыра отырып таныстыру - 2 мин.

Сынып жетекшісінің электронды портфолиосы.

сынып жетекшісінің түйіндемесі (кәсіби тәжірибесін талдау);

құжаттар (білімі туралы, біліктілігі туралы құжаттары, сертификат, диплом, алғыс хаттар);

авторлық бағдарлама, әдістемелік нұсқаулық, үздік сабақтар, жобалар;

БАҚ-тағы жарияланым (мақала, сценарий, үйірменің өнімдер үлгісі).

«Табыстың кілті - білімде». Кәсіби шеберлік сыныбы - сабағынан үзінді, панорамалық сабақ - 10 минут.

«Талантты шәкіртке-дарынды ұстаз». Бағдарлама бойынша күйді көрмей таңдап алып, оқушыға үйрету - 5минут.

Ізденген жетер мұратқа... Өз шығармашылығынан – 3 минут.

Байқау қорытындысы бойынша:

І орын - Жаңабаев Дархан - М.Қалауов атындағы Қызылорда қалалық өнер мектебінің «Домбыра» класының мұғалімі 

ІІ орын - Тулекенова Ақмарал - Арал аудандық өнер мектебі «Домбыра» класының мұғалімі

ІІІ орын – Абильтаев Ракымжан - Қорқыт Ата атындағы Қазалы аудандық өнер мектебі «Домбыра» класының мұғалімі

Жеңімпаздар Қызылорда облыстық білім басқармасы мен білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы облыстық комитетінің арнайы дипломдарымен және сыйлықтарымен марапатталды. Жалпы қатысушыларға облыстық оқу орталығының сертификаты берілді. Аталған байқауда жүлделі ІІІ орындаы иленген әріптесімізді жеңісімен құттықтаймыз!

Рухани ЖаңғыруСайт президентаАкимат Кызылординской областиEgovМинобразования и науки РКУправления образования КЗОDigital Kazakhstan