КОМПОЗИТОР СӘУКЕН ӘЛМӘМБЕТҰЛЫНЫҢ ЕҢБЕГІ ЖИНАҚҚА ЕНДІ.
"Бала дауысы" ұлттық балалар ән байқауының 5 жылдығы мен ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Нұрсұлтан Назарбаев Қоры, Әлия Назарбаеваның "Жандану әлемі" Қоры және ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен "Бала дауысы - ән бұлағы" әндер жинағының таныстырылымы өтті.
Еліміздің 14 облысы мен 3 басты қалаларынан барлығы 17 композитордың балаларға арналған әндерінен кітап және диск шықты.
Аталған жинаққа Қазалы ауданының Қорқыт Ата атындағы өнер мектебінің директоры, ҚР Композиторлар Одағының мүшесі, ҚР Мәдениет қайраткері Әліш Сәукен Әлмамбетұлының «Ақ қанатты армандар» атты әні енгізілді.Композиторларды марапаттау кеші Нұр-Сұлтан қаласында өткізіліп, салтанатты шарада ән жинақ табыс етілді.










