СӘУКЕН ӘЛМӘМБЕТҰЛЫНЫҢ «ДАЛА ҮНІ» ШЫҒАРМАСЫ ҮЛКЕН САХНАДА ШЫРҚАЛДЫ.
2021 жылғы 25 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Композиторлар Одағының ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Жаса, Қазақстан!» атты мемлекеттік академиялық филармонияның қазақ оркестрімен үлкен салтанатты концерт өтті. Концерттік бағдарламада А.Жұбанов, М.Төлебаевтар бастаған қазақ музыкасының классиктерімен бірге осы заманғы танымал аға буын, орта буын композиторларының оркестрге арналған шығармалары орындалды. Аталған концертте орындалған ҚР Мәдениет қайраткері, Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегері, композитор, Қорқыт Ата атындағы Қазалы өнер мектебінің директоры Сәукен Әліштің «Дала үні» атты оркестрлік шығармасы облысымыз бойынша концертке енген жалғыз шығарма болды.
Сәукен Әлмәмбетұлын үлкен шығармашылық белесімен құттықтай отырып, ұлттық музыкаға қосар үлесіңіз арта берсін демекпіз.






