Біздің жетістіктер

246

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

2021 жылдың 7 желтоқсан күні Қазалы ауданы әкімдігінің және Қазалы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен,Роза Бағланова атындағы аудандық мәдениет орталығының ұйымдастыруымен   Қ Р Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай  КСРО халық әртісі, ҚР Халық Қаһарманы Роза Бағланованың 100 жылдығы қарсаңында «Іңкәрім-ай» атты облыстық әншілер байқауы өткізілді.Байқауға Қызылорда қаласынан,аудандардан 8 талапкер қатысып бақ сынады.

Байқауға қатысушы талапкерлер 1 кезеңде Роза апамыздың әнін орындаса екінші кезеңде өз таңдауында болды.Байқауды сарапқа салған  қазылар: Алқа төрайымы Есмұрзаева Бағдагүл Сайынқызы-Қызылорда облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығының балалар музыка шығармашылығының меңгерушісі, қазылар алқасының мүшелері Галя Оспан- ҚР мәдениет саласының Үздігі, әнші, Гүлдана Мұратбай- Қазақстан дауысы жобасының қатысушысы, Қазалы ауданыныңҚорқыт ата атындағы өнер мектебінің вокал класының мұғалімі, халықаралық, республикалық байқаулардың жеңіпазы. 

Осы аталған әділқазылардың шешімі бойынша  мектебіміздің жас ұстазы,вокал класының мұғалім Кермеш Сәкен Қуантқанұлы байқаудың БАС ЖҮЛДЕ марапатын иеленді. 



Рухани ЖаңғыруСайт президентаАкимат Кызылординской областиEgovМинобразования и науки РКУправления образования КЗОDigital Kazakhstan