2023-2024 оқу жылының жетістіктері

280

Қорқыт баба есімін иеленген мектебімізде «ҚАЗАҚСТАН КОМПОЗИТОРЛАР ОДАҒЫ ШАҚЫРАДЫ!» атты Республикалық музыкалық фестиваль жоғары деңгейде өткізілді.

Қазақстан Композиторлар Одағының басшылығы   2024 жылы  маусым айының 1-2 жұлдызында аталған Одақтың 85 жылдығын салтанатты түрде атап өту үшін Қазалы ауданының Қорқыт Ата атындағы өнер мектебін үздік деп танып, Қызылорда облысының әкімі Н.М.Нәлібаев мырзаның   тікелей қолдауымен ҚАЗАҚСТАН КОМПОЗИТОРЛАР ОДАҒЫ ШАҚЫРАДЫ! атты Республикалық музыкалық фестивалін Қазалы ауданында, оның ішінде Қорқыт баба есімін иеленген мектебіміздің ұжымымен бірлесе өткізуді жоспарлап, аталған екі күндік салтанатты шара жоғары деңгейде өткізілді. Қазақстан Композиторлар Одағының төрағасы С.Әбдінұров, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстан Композиторлар Одағының құрметті төрағасы Балнұр Балғабекқызы Қыдырбек, Қазақ ұлттық консерваториясы мен Астана мемлекеттік өнер университетінің декан, профессорлары және Қазақстан композиторлық мектебінің еліміз бойынша бетке ұстар, танымал мүшелері, Одақтың басқарма мүшелері қатысқан республикалық музыкалық фестиваль аясында жоспарланған бағдарлама аясындағы шараларымыз өз дәрежесінде өткізілді. Республикалық музыкалық фестиваль туралы республикалық, облыстық БАҚ-да арнайы репортаждар беріліп, әлеуметтік желі құралдарында республикалық салтанатты шараның маңыздылығы туралы  арнайы хабарлар берілді. Шара аясында мектеп ұжымы, мектебіміздің барлық ұстаздары түрлі деңгейдегі марапаттармен марапатталды. Шара барысында мектеп басшысы Әліш Сәукен Қазақстан Композиторлар Одағаның 85 жылдығына арналған мерейтойлық төсбелгімен марапатталды.


Рухани ЖаңғыруСайт президентаАкимат Кызылординской областиEgovМинобразования и науки РКУправления образования КЗОDigital Kazakhstan