2023-2024 оқу жылының жетістіктері

248

ӘЛІШ СӘУКЕН ӘЛМАМБЕТҰЛЫ ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ "ТҰРАН" СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ИЕГЕРІ АТАНДЫ.

21 мамыр-Мәдениет және өнер қызметкерлері мерекесі қарсаңында 2024 жылғы 21 мамыр күні Қызылорда қаласында облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың арнайы қатысуымен өткен салтанатты шарада Қазақстан Композиторлар Одағының Басқарма мүшесі,"ҚР Мәдениет қайраткері", "Ы. Алтынсарин" белгісінің иегері, Мәдениет министрлігінің "Тәуелсіздің толғауы" кәсіби композиторлар конкурсының үш мәрте лауреаты, оркестрге арналған шығармалары "Құрманғазы","Отырар сазы"сынды республикаға танымал оркестрлердің репертуарына енген дарынды композитор, Қорқыт ата атындағы өнер мектебінің директоры Әліш Саукен Әлмамбетұлы облыс әкімінің "ТҰРАН"сыйлығымен және қаржылай (500 мың теңге) сыйақысымен марапатталды.

Рухани ЖаңғыруСайт президентаАкимат Кызылординской областиEgovМинобразования и науки РКУправления образования КЗОDigital Kazakhstan