"7 мамыр - Отан қорғаушылар күні" мерекесі қарсаңында Қазалы ауданы бойынша білім бөлімі басшысының кубогы үшін білім қызметкерлері арасында футзалдан өткізілген жарыста мектебіміздің "ҚОРҚЫТ"командасы жүлделі ІІ ОРЫН иеленді.
24 жылғы 26 сәуір күні аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен "7 мамыр - Отан қорғаушылар күні" мерекесі қарсаңында Қазалы ауданы бойынша білім бөлімі басшысының кубогы үшін білім қызметкерлері арасында футзалдан жарыс өтті. Спорт сайысына 20-ға жуық команда қатысып,тартысқа толы жарыс нәтижесінде Қорқыт ата атындағы өнер мектебінің "ҚОРҚЫТ"командасы жүлделі ІІ ОРЫН иеленді. Сайыс бойынша берілген 7 номинацияның екеуі біздің ойыншыларға бұйырды. "Үздік қақпашы" номинациясымен баян класының оқытушысы Ж.Өмірбек, "Үздік команда жетекшісі" бағамымен баян класының мұғалімі С.Отаралиев марапатталды. Жеңімпаздар аудандық білім бөлімінің және білім қызметкерлері кәсіподағының арнайы дипломы, кубок пен медалдарымен марапатталды.















