Оқушыларымыз "JasSTAR"республикалық фестиваль-конкурсынан жүлдегер атанды.
2024 жылғы 30 сәуір күні "29 сәуір-Халықаралық бишілер күні"мерекесіне орай республикалық ««Ашық азаматтық қоғам» ақпараттық-ресурстық орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Қызылорда қаласында өткен республикалық "JasSTAR" балалар фестиваль-конкурсында Қорқыт ата атындағы өнер мектебінің "ЖАСМИН" би тобы *заманауи би* номинациясы бойынша жүлделі "І ОРЫН" иеленіп,жеңіс тұғырынан көрінді. Жетекшісі: Хореография класының мұғалімі А.Жауынбаева.








